Басты ақпаратТЕХНОЛОГИЯ

Қазақстан ҰОК жас атлеттерді әлемдік сындағы жеңісімен құттықтады

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Лас-Вегастағы (АҚШ) әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатқан ауыр атлетика командасына құттықтау хатын жолдады деп жазады Olympic.kz. 

«АҚШ-тағы әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ірі жеңістерімен қуантуда. Сайхан Тайсуев, Ақмолда Сайрамкез бен Сәпи Есенгелді намысты қолдан бермей, еліміздің абыройын арттырды. Спортшылар мен бапкерлер кеңесін тамаша жетістікпен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруды тілейміз», — делінген хатта.

Еске сала кетейік, бұл күндері АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтуде.

Бүгінге дейін Қазақстан қоржыны үш алтын медальмен толықты. Ақмолда Сайрамкез (61 келі), Сайхан Тайсуев (67 келі) және Сәпи Есенгелді (81 келі) әлем чемпионы атанды. Дүниежүзілік дода 15 наурызда аяқталады.

Алматыда әлеуметтік көмектің мөлшері көбейеді

Алдыңғы ақпарат

Асқар Мамин: Бес жылда көпбалалы аналарға 28 мың пәтер беріледі

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *