Басты ақпаратЖаңалықтар

Депутат сауал жолдады

фото:ашық ақпаратынан көзінен
фото:ашық ақпаратынан көзінен

Парламент Мәжілісінің депутаты, жерлесіміз Асылбек Смағұлов Ақтөбе облысының Ырғыз ауылынан оңтүстікке қарай 40 шақырым жерде орналасқан «Жаманшың» метеорит кратеріне қатысты Үкімет
басшысына сауал жолдады. «Мұнда шамамен бір миллион жыл бұрын
құлаған метеорит диаметрі 13 шақырымды құрайтын үлкен кратер қалдырды, қазіргі уақытта ол Ырғыз ауданының табиғи қорығы болып табылады. Бұл метеориттің жермен соқтығысуы көптеген ядролық
бомба жарылысының күшіне тең болды. Ол жердің геологиялық құрылымын айтарлықтай өзгертіп, жер бетіне сирек кездесетін тасқа айналған моллюскалар мен маржандар, сондай-ақ тектиттер — қара
немесе қара-жасыл түсті шыны тәрізді түзілімдер шығарды. Тектиттердің бұл түрі тек Жаманшың кратерінде кездеседі. Қазіргі уақытта, бұл ғылыми бағытта ғана емес, туристік бағытта да маңызды орын алатын
ерекше орынның жағдайы нашар болуда. Халықтың игілігі «қара іздеушілердің» олжасына айналып, ұрлап құруда.Бұл кратерде табылған тастар интернет арқылы сатуға қойылған, олардың бағалары 30-40 мыңнан басталып, 500-600 мыңға дейін жетеді. Қазір кез-келген
адам сол жерге барып, машинаға тастарды толтырып, алып кете алады.
Егер мұндай жағдай жалғаса берсе, біз бар нәрсені жоғалтып аламыз. Бұл орын қорғауды қажет етеді, бірақ облыстық
бюджет мұндай шығындарды көтере алмайды», делінген депутаттың сауалында. Депутаттың айтуынша, осыған байланысты қаражат қарастыра отырып, Жаманшыңды сақтаудың арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске қосу қажет. «Бұл орын жас ғалымдар үшін зерттеу
алаңы болуы тиіс. Табиғат қорғау базасын салып, оқу-әдістемелік орталық ашу орынды болар еді. Осы бағыттағы жұмысты
жақсарту әлі де белгісіз көптеген минералдар мен тау жыныстарын ашуға мүмкіндік береді», деп жазады депутат. А. Смағұлов
еліміздің туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізу
қажет екенін айта келе, «Жаманшың» кратерін ерекше табиғат құбылыстарының орындары кіретін Республикалық киелі
объектілердің картасына енгізуді ұсынады.

 

Шағын кәсіпкерлікке өріс кең

Алдыңғы ақпарат

Ырғыз өңірінің киелі жерлері

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *