АймақРуханият

Ел ертеңі – білімді жастар

Шапсып кеп Алашымның марқа кері

Бар үміт еліне артады елі

Тәңірім мәңгілікке мөрін басқан

Алашқа арқау болған арқа жері

Бұл еліне, жеріне,  Отанға деген сүйіспеншілігі мол, салмақты да мәнді өлеңді жазған жас та болса жүрегі өлең деп соғатын, қаламы мен қағазын жастайынан серік еткен, талабы таудай жас ақын  Оспан Келгенбайұлы Қарақастың өлеңі. Әңгіменің төркінін ұққан боларсыздар, бүгінгі мақалаға арқау болған Бурабай ауданының жас әрі дарынды ақын ұлы жайлы болмақ. Қазақ  қай баласын дарынсыз қып жаратқан,олай болған да емес, әр пенденің басына қонған бағы мен өнері болады. Біреу ғылым жағынан жаңалықтар ашып, елін әлемге танытып жатса, бірі технология саласында жетістікке жетіп жатады. Бірі өмірін баларға тәрбие беріп, ұстаздықты жаны қалап таңдап жаста, бірінің бойында ішінен тума  талант дарыны болады. Міне осындай  қазақтың дарынды ұлдарының бірі Келгенбай Оспан. 2002 жылы  16 мамыр  Қарағанды қаласында дүниеге келген  жас бала, ата-анасымен дәм бұйырып киелі Арқа жеріне қоныс аударады. «Өлеңді алғаш жазғанымда бесінші сыныпқа  барған едім», – дейді жас ақын. Қаламын алғаш қолға алғаннан-ақ, киелі өнерге бет бұрып, іштен шыққан  сезімге толы жырларын қағаз бетіне түсіре бастаған. Оспанның қазіргі таңда 300-ден астам жырлары бар. Талантты жас, талай додаларға қатысып, ауданның намысын қорғап, бәйгенің басында жүр. Атап айтсақ: «Махамбет» оқуына қатысып жүлделі І орынға ие болса, кейін облыстық «Абай» атындағы көркерсөз шеберлерінің байқауында ІІ орын иеленді. Биыл да  облыстық «Махамбет» оқуларынан І орын ұтып алып, қазір Республикалық «Махамбет» оқуына дайындалып жүр.  Облыстық «Бала би» сайысынан Бас жүлде, қазақ тілі олимпиадасынан  ІІ орындарға ие болды. Биыл 11 сыныпты тәмамдағалы отырған  жас түлек, емтиханнан сүрінбей өту мақсатым дейді. Өзін Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов таындағы өнер академиясынан көргісі келді.  Хоббиі бос уақытында өлең жазып, ән айтқанды ұнатады, сондай-ақ, жас ақын асыл тұқымды иттерді асыраумен айналысады. Ол да серіліктің бір лебі. Атам қазақ ежелден құмай тазы иттерді, бүркіттерді қолға үйретіп  аңшылыққа алып барып, серілік құрған емеспе?! Тектінің қаны бойына тараған балаға бұл да мақтанар жайт. Биылғы жыл елбасымыз жариялағандай «Жастар» жылы, жастарға зор мүмкіндіктер беруде. Өздерін шыңдап, биіктен көрінулеріне барынша жағдай жасалынған. Ауданымыздың мақтан тұтар жас ақын баласын болашақта  әлбетте биіктен көреріміз анық, «талаптыға нұр жауар», — дегендей Оспан ақынның болашақта алар асуы биік, жолы ашық болына тілекшіміз.

Жаңа президент – жаңа мүмкіндік

Алдыңғы ақпарат

Өңірді өнерімен өрнектегендер

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *