АймақРуханият

Өңірді өнерімен өрнектегендер

Жер бетінде  «Адамдарға қуаныш сыйлау» – деген мамандық бар. Бұл ұлы өнер әрбір мәдениет қызметкерінің жүрегінде екені анық. Бурабай ауданының мәдениет саласының өкілдері  төл мерекелерін  дүркіретіп атап өтті. Аудан әкімі Қанат Серікұлы Қарауылов мәдениет қызметкерлерін шын жүректен құттықтап, еңбек жолдарында табыс пен биік шыңдар тіледі. Бурабай ауданы үшін биылғы жыл толағай табыстарға толы болды.  Облыстық «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығы байқауының қорытындысы бойынша Бурабай ауданы жүлделі 1 орынға ие болды. Ұтысқа дыбыс жазу студиясына арналған аппаратура жиынтығы табыс етілді және аудан әкімі аудан мәдениетін өркендетуге зор үлес қосып жүрген азаматтарға өз қолымен төмендегідей марапаттарды табыс етті:

  Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хатымен — Қарсыбаева Дина Садвакасовна – Бурабай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;

Ақмола облысы     мәдениет басқармасының алғыс хатымен :

  1. Жамантыкова Айсұлу Қабденқызы – аудандық мәдениет үйінің директоры
  2. 2. Бостамбаева Шолпан Ашимовна Бурабай ауданының мемлекеттік мұрағаттың директоры;
  3. Раисов Мурат Уматович – «Жұлдыз» облыстық мектеп- интернатының мәдениет үйінің директоры;
  4. Шарыпова Любовь Павловна – Аудандық мәдениет үйінің хореогрофы;

Ақмола облыстық халық  шығармашылық орталығының   алғыс хатымен :

  1. Шимко Леонид Алексеевич – Халықтық ардагерлер хор ұжымының жетекшісі;
  2. Набокова Валентина Павловна – «Лира» халықтық сазды-поэтикалық клубының жетекшісі;
  3. Биданова Даметкен Шотановна – жоғары педагогикалық колледжінің хор жетекшісі;
  4. Задорожный Игорь Анатольевич – жоғары педагогикалық колледжінің мұғалімі;
  5. Аймахан Гүлнұр Сейтімханқызы – аудандық мәдениет үйінің әншісі;

 

  1. Алишев Бекжан Дауылбайұлы – аудандық мәдениет үйінің әншісі;
  2. Ұлан Батан – аудандық мәдениет үйінің әншісі;

Бурабай ауданының әкімінің алғыс хатымен:

  1. Коломиец Михаил Николаевич «Гармония» хор ұжымының жетекшісі,
  2. Диана Айтжанова – «Гауһартас» халықтық би ансамблінің жетекшісі
  3. Бахмат Евгения Андреевна – «Аллегро» вокалды студиясының жетекшісі;
  4. Қамалжан Кәмеш – аудандық мәдениет үйінің сүйемелдеушісі
  5. Құдысбек Гүлім Думанқызы — «Өқжетпес сазы» домбырашылар тобы үйірмесінің жетекшісі, әнші
  6. Ержан Әуелбеков – аудандық іс шара жүргізушісі
  7. Әбдіқадырова Айгерім – аудандық мәдениет үйінің әдіскері
  8. Ракишева Бибигуль Зейнулғабиденқызы – әдістемелік бөлімінің меңгерушісі
  9. Громадских Дмитрий Владимирович   — АМҮ

дыбыс операторы;

  1. Амрина Гульнара Токтауловна – аудандық мәдениет үйінің әдіскері
  2. Дәуіт Дана Шуғақызы – Жаңажол ауылының кітапханашысы;
  3. Шарафутдинова Галина Васильевна – Наурызбай –батыр ауылының кітапханашысы;
  4. Сабитова Гульмира Нукешевна – Ақылбай ауылының кітапханашысы;
  5. 1 Русских Галина Федоровна – Щучинск қаласының филиалының кітапханашысы;

Бурабай ауданы әкімінің алғыс хатымен ауданның көркемөнерпаздар ұжымдары марапатталды:

  1. Ардагерлер халық хоры –жетекшісі Леонид Шимко
  2. «Көкше әуендері» халық фольклорлық ансамблі: Байшұнғұлов Нұрлыбек Сағындықұлы
  3. «Гауһартас» халық би ансамблі –жетекші Диана Айтжанова
  4. «Вдохновение» вокалдық тобы–жетекшісі Валентина Набокова
  5. «Асыл әжелер» вокалдық тобы – жет; Айсұлу Жамантыкова
  6. «Вива данс» би ұжымы – жетекшісі Любовь Шарыпова;

Бурабай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының алғыс хатымен аудандық мәдениет үйінің барлық қызметкерлері марапатталды.

Жыл сайын 24 мамыр күні ауданымызда славян мәдениеті мен жазу күнін әртүрлі форматта аталып өтіледі. Биыл да  ол дәстүрден қалыс қалмады. Қатаркөл ауылының  «Гармония» хоры «А на селе -гармонь поет» атты концерттік бағдарламасын  Славян жазбасы мен мәдениеті күніне арнады. Жетекшісі-Михаил Коломиец.

«Гармония» хоры –  және аудандық көркемөнерпаздар байқауларының лауреаты және дипломанты. Ұжымда музыканы, хорды жақсы көретін белсенді, бастамашыл адамдар айналысады. Хордың  ұжымында сахнасыз өмір сүре алмайтын, шығармашылықпен және әнмен шабыттанатын жастар да бар.

Осыдан 16 жыл бұрын Қатаркөл ауылында «Зори Синегорья» атты шағын вокалдық топ ұйымдастырылды. Оның құрамында әндерді, музыканы жақсы көретін және ең бастысы, осы әндерді әдемі әрі дұрыс орындауды үйренгісі келген адамдар болды. Бұл Полиенко В. Б., Климова Н  және басқалары — олар болашақ хордың іргетасын қалады, олардың көпшілігі бізді әлі өз өнерлерімен қуантып жүр.

Біртіндеп ансамбль хор ұжымына айналды. Міне 2002 жылдан бері 17 жыл бойы бұл ұжым Бурабай сахнасында ән шырқап келеді. Қазіргі уақытта хорда 30-дан 75 жасқа дейінгі 21 қатысушы бар. Ұжым жанынан әйелдер вокалдық тобы да  құрылды.

Ұжымның басты міндеті халық шығармашылығы үлгілерінің ән мәдениеті мен мұрасын сақтау, дамыту және насихаттау болып табылады. Бүгінгі күні де Бурабай халқын өздерінің жоғарғы шеберлікпен орындаған әуезді әндерімен қуанта білді. Хордың  репертуары кең. Өткен жылдардың шығармашылық жетістіктеріне ұқыпты қарап, ұжым өзінің репертуарын толықтыру бойынша үнемі жұмыс істейді. Әсіресе орыс халық әндері, казактар, классикалық шығармалар, Отан туралы әндер. Көңілді, патриоттық, лирикалық әндер жиі орындалады. Михаил Николаевич Коломиец тек қана тамаша музыкант, білікті жетекші ғана емес, шебер суретші де екенін бірі білсе, бірі білмейді. Мәдениет үйінің фойесінде М.Н.Коломиецтің өз қолымен салынған суреттерінен жеке көрме ұйымдастырылды.  Суретші  суреттерді  әртүрлі тақырыпта сала беретінін айтты. «Өз жан рахатым үшін саламын, зейнетке шыққандағы хоббиім акварельмен пейзажды суреттер салу», – деді автор. Тапсырыс бойынша, туған-туыстарға саламын, әдемі көрініс көрсем сол жерден табыламын, – дейді суретші. Сегіз қырлы, бір сырлы музыкант әрі суретшімен өңір мақтанады. Ұжымға толағай табыстар мен сарқылмас шығармашылық шабыт тілейміз.

Ел ертеңі – білімді жастар

Алдыңғы ақпарат

Жер шоқтығы – Бурабай

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *