АймақБасты ақпаратМәдениет

Отырар жерінде телехикая түсірілмек

Елдің рухани астанасына айналған Түркістан жерінде қазақ тарихына қатысты тағы бір фильмнің түсірілімі басталмақ. Киелі Отырар жерінде бастау алмақ шығармашылық жұмыс қазақтың ханы Қасым хан жайлы болмақ.

Аталмыш жоба «Қазақ хандығы» телехикаясының жалғасы ретінде көрерменге жол тартады. Аталған кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіреді. Туындының авторы Метин Гюнай. Ол осыған дейін қазақстандықтар жылы қабылдаған «Ертұғрыл» фильмінің режиссері болған.

Отырар төбе, Сауран, Сарайшық қалаларының орнында түсірілетін 75 бөлімді телехикая түсірілімі 3 жылға жоспарланып отыр. Режиссерге экс мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиевпен  Отырар жеріне келген сапарында жер тарихы баяндалып, мекенмен толық таныстырды.

Сериалдың сценарийі өткен жылы жазылып басталды. «Қазақфильм» телехикаяға кастингті 25 ақпаннан 31 наурыз аралығында өткізді. Жобаның кастинг бойынша продюсері Алма Баймұратова республика бойынша 3004 үміткер қабылдағанын айтты. Соның ішінде Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Петропавл қалаларынан белсенділік танытқандар көп болды.

Сондай-ақ, елімізде Ақан Сатаев пен Рүстем Әбдірашитовтың режиссерлық етуімен «Тұмар патшайым» және «Алмас қылыш» фильмінің жалғасы түсірілуде.

Сурет аудан әкімдігінің әлеуметтік

желідегі ресми парақшасынан алынды

Отырарда Сапар ғимараты бой көтермек

Алдыңғы ақпарат

Ел құрметіне бөленген жан

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *