АймақБасты ақпаратМәдениет

Отырарда Сапар ғимараты бой көтермек

Ауданда тағы бір сәулет құрылысы салынбақ. Ғалымдар мен археологтарға арналған ғимарат өткен жылдың қараша айында басталған. Нысан толықтай жергілікті билік пен министрліктің бақылауында. Жоспар бойынша үстіміздегі жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілмек.

Аймақ басшысы Ерлан Айтахановтың сөзінше, аталмыш ғимаратта ғылыми қызметкерлерге арналған жатақханалар да салынуда. Сондай-ақ, оның бой көтеруінің басты мақсаты өңірдің мәдени мұрасын шетелдерге насихаттап, туристік орталық қалыптастыру. 8 бөлмеден тұратын жатақхана археолог мамандарға арналмақ.

Орталық барлық заманауи талаптарға сай. Тарихшылар мен археолог-ғалымдар жұмыс істейтін нысан екі қабаттан тұрады. Бірінші қабаты мен жертөлесінде зерттеу жұмысына арналған зертханалар орналастырылмақ. Сонымен қатар, онда ғылыми архив, дәріс залы, қор сақтайтын бөлмелер мен шеберханалар жасалмақ. Ал үстіңгі қабатында қонақтарды қабылдаумен жиын өткізуге арналған конференция және көрме залдары болады.

Қазір нысанның айналасында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мердігер компания директоры тамыз айында пайдалануға берілетінін жеткізді.

Оңтүстік өлке – еліміздің нағыз туристік әлеутінің дамуына қолайлы мекен. Мұндағы тарихы орындар мен табиғаты ерекше жерлер талайды тамсандырып келеді.

Бұл нысан да өңір туризмінің алға жылжуына сеп болмақ.

Сурет аудан әкімдігінің әлеуметтік

желідегі ресми парақшасынан алынды

Ұлы Отырар шайқасына – 800 жыл

Алдыңғы ақпарат

Отырар жерінде телехикая түсірілмек

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *