АймақӘлеумет

Серпінді сенбілік # ECO challenge

Бурабай ауданында 26 мамыр күні көлдердің, өзендердің, саябақтың жағалау аумақтарын тазалауға бағытталған # ECO challenge экологиялық акциясы өтті. Аталған шараға 500-ден астам адам қатысты, олардың ішінде «ҚТЖ» ЖШС «Щучинск ет комбинаты» ЖШС «Локомотив депосы», ЖШС «Раушан Бурабай»,  «Вагон пайдалану депосы», ЖШС «Рауан Бурабай», Республикалық орман селекциялық-тұқым шаруашылығы орталығы, РМҚК, «КАЗЛИИЛХА» ЖШС, АҚ Халық банкі, Бурабай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Восток энерго СЭСО филиалының Бурабай аудандық бөлімшесі, «Авиценна Бурабай» ЖШС, «Іскер әйелдер асоциациясы», Жоғары техникалық колледж, Жоғары педагогикалық колледж, Экология және орман шаруашылығы колледжі, ШЖҚ «Тазалық сервис» МКК, ШЖҚ «Термо транзит» МКК, ШЖҚ «Бурабай су арнасы» МКК және ауданның мемлекеттік қызметшілері жұмыла біргіп, табиғатымызды қоқыстан тазалауға ат салысты.

Аудан әкімі өзі қатысқан бұл шарада белсенді қатысқаны үшін мемлекеттік және жекеменшік ұйымдардың, мекемелердің басшылары мен барлық қызметкерлеріне алғыс білдірді. Осылайша көрікті жерлерімізді, табиғатымызды аялауда, әр адамның өз міндеттік,адами борышы екенін дәлелдедік. Табиғатты таза ұстау бәріміздің қолымыздан келетіні айқын.Тек соған сәл ғана зер салсақ болды.

Отандық өнімдер әлемнің 120 еліне жеткізілуде – Тоқаев

Алдыңғы ақпарат

Ішкі туризмді одан әрі ынталандыру – басты мақсат

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *