АймақӘлеуметБасты ақпарат

Шағын кәсіпкерлікке өріс кең

ФОТО: ашық ақпарат көзі
ФОТО: ашық ақпарат көзі

Тұңғыш президент – Елбасы Қазақстан халқына жолдауында шағын және орта бизнесті «ел экономикасының басты қозғалтқышы» деп атады. Осы саланың қызметіне жан-жақты қолдау көрсету жаңа жұмыс орындарының құрылуына, әлеуметтік мәселелердің оң шешілуіне, сондай-ақ, нарықтағы тепе-теңдіктің қалыптасуына алып келмек. Осыған орай, ауданымыздағы шағын және орта кәсіпкерліктің бүгінгі таңдағы хал-ахуалы туралы біздің тілшімізге аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Гүлдана ДҮЙЖАНОВА әңгімелейді:

-Ырғыз ауданы бойынша 2019 жылдың 1-мамырына 53 заңды тұлға, 219 шаруа қожалығы, 411 жеке кәсіпкер, барлығы 683 шағын және орта кәсіпкерлік  субъектілері тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 114,2  пайыз. Белсенді субъектілер саны  681 бірлік, немесе өткен жылмен салыстырғанда 124,9  пайыз. Шағын кәсіпкерлікке қамтылғандар саны 1210 адам.

2019 жылдың  1 –мамырына   2 заңды тұлға, 2  шаруа қожалығы,   75 жеке кәсіпкер тіркеліп, 1 заңды тұлға, 1 шаруа қожалығы, 39 жеке кәсіпкер есептен шықты.

«Бизнестің жол картасы 2020», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаларын» іске асыруда аудан әкімдігінің тиісті бөлімдерімен бірге ауданның елді мекендері тұрғындарымен, ауыл шаруашылық құрылымдары және жеке кәсіпкерлермен кездесулер өткізіліп, мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары  жүргізілуде. Ағымдағы  жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде  1 жоба (жеке кәсіпкер Асанова Қ. «Кемпинг» ) 18,0 млн. теңгеге  жүзеге асырылды. Сондай-ақ, грант алу үшін конкурсқа қатысуға  жобалар (қонақжай «киіз үй», жылыжай ) дайындалуда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы  халыққа дәстүрлі  жолдауына сәйкес «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту үшін басым жобаларды жеңілдетілген несиелеу Бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы бағдарламаның жүзеге асырылуына мониторинг жасау, сонымен қатар кәсіпкерлердің жобаларын сүйемелдеу мақсатында «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының жанында Жобалық кеңсе құрылған.

Жобалық кеңсе бизнес-қоғамдастықты қарапайым заттардың экономикасын дамытуға тартуды, бағдарлама шарттарын түсіндіруді және кәсіпкерлердің өз жобаларын жүзеге асыру барысында кездесетін мәселелерді жылдам шешуді, кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыруды көздейді.

Бүгінгі күнге аудан көлемінде Бағдарламаның шарттары мен механизмдерін кәсіпкерлер арасында түсіндіру  жұмыстары жүргізілуде.

Орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту аясында  «Бастау бизнес» жобасы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  аудандық филиалы арқылы кәсіпкерлік негізге оқытуға 2019 жылға 70 адам оқытуға жоспарланған. Оқытудың бірінші және екінші кезеңдерінде 44 адам курстан өткізілді. 3-ші кезеңде оқыту маусым айына жоспарлануда.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама бойынша ағымдағы жылға 351,4 млн. теңге несие берілуі жоспарланып отыр.

2019 жылы барлығы 13 инвестициялық жоба жоспарланып, 1- мамырға              5 жоба 84,0 млн теңге іске қосылды.

«Ауыл қамқоршысы» жобасы  бойынша 2019 жылға 19 жоба – 76 млн. теңгеге жоспарланып, 19 меморандумға қол қойылды.  Барлығы  7 округ және 18 елді мекенде 19 қамқоршы бар. Бұл жоба бойынша округ әкімдерімен бірлесіп жұмыстар жасалады.

Алдағы уақытта да кәсіпкерлердің мемлекеттік бағдарламаларға  қатысымын арттыруға, орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуды іске асыру барысында жұмыстар атқарылатын болады.

Ел құрметіне бөленген жан

Алдыңғы ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *