АймақСаясат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

ФОТО: ашық ақпарат көзі
ФОТО: ашық ақпарат көзі

Ақмола облысының рухани өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті талқылауға жиналды

21 мамырда Көкшетау қаласы Достық үйінде Ақмола облысының діни конфессиялары өкілдерінің «сыбайлас жемқорлықты жалпыға ортақ қабылдамауды қалыптастырудағы руханилық пен адамгершілік» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Модератор ретінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мұсралимова болды.

Іс-шараның басты мақсаты – қоғамда рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың өзекті мәселелерін талқылау, құқық бұзушылықтарға төзбеушілік көзқарасын қалыптастырудың жаңа тетіктерін әзірлеу.

Іс-шара барысында дін өкілдері діннің сыбайлас жемқорлыққа деген теріс көзқарасын білдіріп, бөтен мүлікті заңсыз иемдену күнә екенін атап өтті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов дін өкілдеріне арнаған сөзінде, осылайша азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мәселелерінде өзара іс-қимыл жасауға шақырды.

«Сіздің жоғары деңгейдегі руханилықтарыңыз бен биік беделдеріңіз халықтың басым бөлігін іргелі құндылықтарға бағыттай алады» деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов. Осылайша, басшы сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтардың мәдениетін көтеруге шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша барлық іс-шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында күш-жігерді шоғырландыру қажеттілігі туралы қорытындыға келді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мемлекеттік органдар өткізетін іс-шараларға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті

Алдыңғы ақпарат

Отандық өнімдер әлемнің 120 еліне жеткізілуде – Тоқаев

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *