АймақБасты ақпаратМәдениетРуханият

Түлектер кеші

         Қай дәуірде болмасын, қоғамның қозғаушы күші жастар екені белгілі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мен бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздер жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер» деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен үндесіп жатқанын айғақтайды.

Ырғыз аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен сенбіде мектеп бітіруші түлектерге арналған  «Арманымның асуына асығамын…» атты салтанатты кеш өткізілді. Аталған шараға биыл аудан орта мектептерінен түлеп ұшқалы тұрған 196 түлек қатысты. Әсем әнмен, мың бұралған бимен әдіптелген салтанаттың шарықтау шегі он бір жыл бойы үздік оқыған 16 «Алтын белгі» және 11 «Үздік аттестат» иегерлеріне   аудан əкімі М.Қ.Елеусізовтің  Алғыс хат,  аттестат  жəне 10000 теңгеден ақшалай сыйлық табыстауы болды.

Шара барысында əр білім беру ұйымының атынан музыкалық нөмерлер орындалды.  Балалықты артқа тастап, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шəкірттер атынан Б.Алманов атындағы ЖББОМ-нің түлегі А.Бидағұл, ата-аналар атынан Ғ.Нұрғалиев, ауыл ақсақалдарының атынан зейнеткер К.Қонақбаев құттықтау сөз сөйледі.

Бойға жиған салт-дəстүр мен мұраны,

Ел мүддесі болсын асқақ ұраны.
Мəртебесін көтеретін биікке,
Жас түлектер-тəуелсіз ел қыраны — деген жыр жолдарымен түйінделген салтанатты кеш отшашумен аяқталды.

Қанат Жомарт

Жер шоқтығы – Бурабай

Алдыңғы ақпарат

Дін мен дәстүр үйлесімі

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *