АймақРуханият

«Үздік педагог-2019»

ФОТО: arnapress.kz
ФОТО: arnapress.kz

Аудан намысын облыста қорғаған Щучинск қаласы№9 мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі Сердалин Сайран Дәуренұлы 2-орын мен 75000 теңгенің сертификатын иеленді. Үздік педагог енді Ақмола облысының атынан республикалық деңгейде білімі мен біліктілігін орта салмақ. Өткізілген сабақтар оқу процессіндегі әдістемелік тәсілдер, инновациялық технологиялар және ғылыми жағынан ерекшелене білді. Шығармашылық жұмыстарын қорғау кезеңінде қатысушылар отандық білім беру жүйесіндегі заманауи тенденцияларға сай жобаларын көрсетті. Аталған жұмыстарды бағалау кезінде жобаның мазмұны, әлеуметтік маңызы, әдістемелік құндылығы мен ғылымилығы ескерілді.

Байқау қорытындысына сәйкес, «Үздік педагог-2019» иегері деп М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп – гимназиясы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Самал Кенжеболатқызы Ахметжанова танылды. Сондай-ақ, 150 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықпен марапатталды.

І дәрежелі диплом мен 100 000 теңге сертификаты Целиноград ауданы Қоянды ауылы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Ұлан Дауылға бұйырды.

ІІІ дәрежелі диплом мен 50 000 мың теңге сертификатын Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінінің тарих пәні мұғалімі Гүлсұлу Ибрагимқызы Қасенова мен Нұр-Сұлтан қаласы №2 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектебінің математика пәні мұғалімі Руслан Болатұлы Төреханов иеленді.

19 қатысушы білім басқармасының сайысқа белсене қатысқаны үшін мадақтамасына ие болды.

Батырлар рухына тағзым

Алдыңғы ақпарат

Токаев: Первые руководители будут отвечать за подчиненных, уличенных в коррупции

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер