Басты ақпаратЖаңалықтар

Жаңа президент – жаңа мүмкіндік

ФОТО: ашық ақпарат көзі
ФОТО: ашық ақпарат көзі

Ата Заңда көрсетілгендей,  республика президентi Конститутцияға қолын қойып тұрып: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», — деді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19 наурызда президенттік міндетін тоқтататынын айтып, уақытша бұл қызметті сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынын жеткізді.

30 жылға жуық ел басқарған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл шешімі барша алаш жұрты үшін тосын оқиға болды. Алайда, бұл Елбасы салып берген сара жолын жалғастырып, дамудың жаңа кезеңіне қадам басудың белгісі еді.

Бұл күні баршамыз тағы бір тарихи сәттің куәгері болдық. Ел президентінің қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ант беру рәсімінде халықтың жағдайына тоқталып, елде болатын өзгерістер жайлы айтты. Сондай-ақ, елді дамытудың бірнеше бағдарларына тоқталып өтті. Оның алғашқысы – халық табысын арттыру.

«Жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту. Ұлттық табысты әділ бөлу мәселесі бұл стратегиялық маңызы бар дүние. Мемлекеттік бюджеттің қаражатын ең алдымен келешегі зор мақсаттарға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бөлу қажет», — деді Президент.

Сыбайлас жемқорлықты жою – аталмыш бағдарламаның екінші бағыты болмақ.  Бұл туралы мемлекет басшысы: «Бірінші қыркүйекке дейін жемқорлықтың деңгейін мейлінше төмендетуге бағытталған реформалар топтамасы дайындалады. Жемқорлық мемлекеттің дамуын тежейтін кесел.  Бұл қоғамдағы өзара сенімге, жалпы мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргіземіз», — деді.

Келесі бағыт – сот және құқық қоғау жүйесін реформалау. Республика президенті: «Сот – заң үстемдігінің кепілі. Сондықтан, судьялар жоғарғы кәсіби  және адамгершілік талаптарына сай болуы бұл үлкен міндет. Судьялар мен осы қызметке үміткерлерді бағалау және іріктеу жүйесін қатаңдату керек. Сот әділдіктің соңғы шегі болуы тиіс. Құқық қорғау жүйесінің басты міндеті халықтың сеніміне ие болу керектігін атап өтті.

Сондай-ақ, ел президентінің Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдеріне қатысты қаулысы шықты. Онда Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес,  Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын делінген.

Жалпы елімізде бұған дейін президент сайлауы 5 рет 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылдары өткізілді. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан халқы тұңғыш рет өз президентін сайлады. Сайлау нәтижесі бойынша, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа халықтың 98,8%-ы дауыс беріп, жеңіске жетті.

Орталық сайлау комиссисының мәліметі бойынша, 9 маусымда кезектен тыс өткен сайлауға 11 947 995 адам қатысты.

Сайлаушылардың белсенділігі бойынша, Алматы облысы жоғары нәтиже (89%) көрсетті. Алғашқы үштікті Түркістан облысы (84,8%) мен Ақтөбе облысы (84,6%) қорытындылады.

Тарихтың ащы сабағы

Алдыңғы ақпарат

Ел ертеңі – білімді жастар

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер