АймақРуханият

Ақтаңдақтар ақиқаты

Жыл сайын 31 мамырда өтетін дәстүрлі шараға Алғалықтар да жиналды. «Ақтаңдақтар ақиқаты» деген тақырыпта өткен еске алу шарасына аудан әкімі Нағымжан Алдияров қатысты. Сондай-ақ, басқосуға әкесі халық жауы ретінде танылған, Алға ауданына танымал жан Анна Ілиясқызы Мұқашева мен репрессия құрбаны Айтмагамбетов Боран Айтмагамбетұлының ұрпағы, ұлағатты ұстаз​ ​ Сағадат Сағидуллақызы арнайы шақырылды. Бұл туралы аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабарлады.

Сонымен қатар, отбасына орны толмас қайғы сыйлаған сонау зұлматты жылдарда ​ жоғалған әжесін еске алып, арнайы осы атаулы күнге орай Майкл Даниал​ Сагатис​ және қарындасы Юлия Энн Сагатис қонақ болды. Ол әсерлі де сағынышқа толы жазбаларымен және әжесі жайлы түсірілген бейнероликпен бөлісті. Жиында 1 минуттық үнсіздік жарияланып, репрессия құрбандарының рухына құран бағышталды.

Рәміздерді құрметтеу – әркімнің парызы

Алдыңғы ақпарат

Тарихтың ащы сабағы

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер