АймақСаясат

Берген Беспалинов: «Мемлекеттік қызметтің сапасы – жұмысымыздың баcымдылығы»

ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент агенттігінің жетекшісі Берген Беспалинов қызметкерлерді басқару, жемқорлыққа қарсы іс-шаралар, мемлекеттік қызмет сапасын көтеру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы ақпараттар берді. Сондай-ақ, «Ақмола – адалдық алаңы» жобасының жүзеге асырылу барысын айтты.

Жиын барысында Ақмола облысы әкімі орынбасары Марат Игали Берген Беспалиновтың әлеуметтік желідегі белсенділігін атап өтті.

«2017 жылдан бері ол басқарып отырған департамент Фейсбук және  Инстаграм әлеуметтік желілерін айқын проблемалар мен азаматтар сұрағын шешуде белсенді қолданып келеді. Өтіп жатқан іс-шаралардан тікелей көрсетілімдер түсіріп, интернет конференциялар ұйымдастырады. Қазіргі уақытта департаментке келіп түскен өтініштердің 40% -дан астамын азаматтар әлеуметтік желілер арқылы жібереді. Мен мемлекеттік органдардың қызметіне әлеуметтік желілерді тарту бастамасын толық қолдаймын және бұл азаматтардың сұрақтарына жедел жауап беруге және шешуге көмектеседі деп санаймын»,-деп атап өтті М.Игали.

Бесік жыры — балаға берілетін алғашқы тәрбие

Алдыңғы ақпарат

«Ақмола – адалдық алаңы» денсаулық сақтау саласына қосылды

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер