АймақМәдениетРуханият

Бірлік пен татулық күні

Тәуелсіздік алғаннан кейін мейрам Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 18 қазан 1995 жылғы жарлығына сәйкес, «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» болып өзгерді. Мереке 1996 жылдан бастап атап өтіле бастады.

1 мамыр «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесіне орай, Бурабай ауданының үздік оқушылары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Жас Ұлан» республикалық бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымына қабылданды.

Ұйымның басты мақсаты өскелең ұрпақты қазақ халқына, мәдениетіне, дәстүріне, төзімділікке және бітімгершілік, білімге, өзін-өзі жетілдіруге, өмірдің жоғары жауапкершілік сезімімен үйлесімділігіне, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген тұрақты ұмтылысы негізінде елінің патриоты ретінде тәрбиелеу болып табылады.

Салтанатты шараға балалар қозғалысының тарихына үлесін қосып жүрген лайықты оқушылар шақырылды. Оқушыларға галстук байлау құқығы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының көшбасшыларына және Бурабай ауданының әкіміне берілді. Сонымен қатар, 1 мамыр күні сағат 11:00-де Щучинск мәдениет үйінде оқу-тәрбие орталығының оқушылары дайындаған мерекелік концерт өтті.

Бурабай ауданының әкімі қала қонақтары мен тұрғындарын салатанатты түрде құттықтады. Сондай-ақ, ұлттық тұрмысқа қатысты көрме ұйымдастырылды. Әр ұлт өкілдері мәдениет үйі сахнасында ән шырқады.

ҚР мәдениет және спорт министрі түркістандағы тарихи орындарды аралады

Алдыңғы ақпарат

Ер есімі – ел есінде

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер