АймақМәдениетРуханият

Батырлар рухына тағзым

ФОТО: Аудан әкімдігінің ресми сайты
ФОТО: Аудан әкімдігінің ресми сайты

Биыл біз Ұлы жеңістің 74 жылдығын атап өттік. Бурабай ауданы орталығындағы мәңгілік алауға гүл шоқтары қойлып, Отан қорғау жолында мерт болған жауынгерлер рухына тағзым жасалды. Қатары күн санап сиреп бара жатқан ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне асқан құрмет көрсетілді. Орталық алаңда Ш.Уалиханов атындағы кадет корпусының тәлімгерлері жасақталды. Сондай-ақ, бүгінгі күнге жетпеген кешегі майдан жауынгерлерінің ұрпақтарынан құралған 2 мыңға жуық аудан жұртшылығы қаланың басты көшесі мен Даңқ аллеясында өздерінің туған — майдангерлерінің портреттерімен жүріп өтті. Ақмола облысынан шақырылған 90 мың адамның тек 37 мыңнан астамы ғана оралағанын айта кету керек. Оларды Гаврилов В.П. жетекшілік етуімен «Намыс» әскери-патриоттық клубының курсанттары бастап жүрді. Сондай-ақ, жоғары педагогика колледжінің студенттері барабанмен сүйемелдеді.

Салтанатты шара мерекелік концертпен және от шашумен тәмамдалды.

Ер есімі – ел есінде

Алдыңғы ақпарат

«Үздік педагог-2019»

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер