Жыл сайын 31 мамырда өтетін дәстүрлі шараға Алғалықтар да жиналды. «Ақтаңдақтар ақиқаты» деген тақырыпта өткен еске алу шарасына аудан әкімі Нағымжан Алдияров қатысты. Сондай-ақ, басқосуға әкесі халық жауы ретінде танылған, Алға ауданына танымал жан Анна Ілиясқызы Мұқашева мен репрессия құрбаны Айтмагамбетов Боран Айтмагамбетұлының ұрпағы, ұлағатты ұстаз Сағадат Сағидуллақызы арнайы шақырылды. Бұл туралы аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабарлады.
Сонымен қатар, отбасына орны толмас қайғы сыйлаған сонау зұлматты жылдарда жоғалған әжесін еске алып, арнайы осы атаулы күнге орай Майкл Даниал Сагатис және қарындасы Юлия Энн Сагатис қонақ болды. Ол әсерлі де сағынышқа толы жазбаларымен және әжесі жайлы түсірілген бейнероликпен бөлісті. Жиында 1 минуттық үнсіздік жарияланып, репрессия құрбандарының рухына құран бағышталды.








Пікірлер