АймақСаясат

«Ақмола – адалдық алаңы» денсаулық сақтау саласына қосылды

«Аталған жобаның басты мақсаты тұмыстық жемқорлықты жою, мемлекеттік органдар мен білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары мекемелеріне, мемлекеттік кіріс органдарына, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарына жүгінген кезде Ақмола облысының азаматтары үшін қолайлы жағдайлар жасау»,- деп Самира Тайтенова атап өтті.

Басқа сөзбен айтқанда, жоба әлеуметтік маңызы бар салаларда жемқорлыққа қарсы шаралардың қолданылуына бағытталып отыр.

Спикердің сөзінше, жыл басынан бері жобалық кеңсе қоғаммен және жобалық топтардың құрамына кіретін мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлықты алдын алуға, анықтауға және жоюға, сондай-ақ жоғарыда аталған барлық салаларда, соның ішінде денсаулық сақтау саласында қызмет алушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

«Адалдық алаңы» жобалық офисінің алдына қойылған міндеттерді толық шешу мақсатында сыбайлас жемқорлықты төмендету, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету саласындағы қауіпсіздікті арттыру бойынша кешенді шаралар қабылданды.

Медициналық қызмет көрсету саласындағы жобаға жүргізілген талдау аясында жалған медициналық анықтамаларды ұсынуға баса назар аударылды.

«Азаматтардың медициналық куәландырудан іс жүзінде өтпей осындай құжаттарды пайдалануы осы анықтаманы алатын азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, сондай — ақ білім беру, қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру және басқа да әлеуметтік маңызды салалардың қауіпсіз жұмыс істеуіне, соның ішінде шетелдік жұмыс күшін пайдалана отырып теріс әсер етеді» — деп атап өтті спикер.

Бүгінде Ақмола облысының медициналық мекемелерінде жазылған медициналық анықтамалар мен аурухана қағаздарының жасандылығын «DamuMed» мобильді қосымшасында орналасқан QR-кодтың көмегімен анықтауға болады. Цифрлық денсаулық сақтауға көшу Ақпараттық жүйелерді интеграциялау, мобильді сандық қосымшаларды пайдалану, электрондық денсаулық паспорттарын енгізу және «қағазсыз» ауруханаларға көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы, жобалық кеңсе емханалардың күту залдарында сандық ақпараттық дүңгіршектердің, суы бар диспенсерлердің санын арттыру арқылы емделушілер үшін қолайлы жағдай жасауға көп көңіл бөлу ұсынылды.

Сөз соңында С. Тайтенова Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшылығына бас дәрігерлерді ғимараттың бірінші қабаттарына көшіру, сондай-ақ облыстың денсаулық сақтау мекемелерінде адалдық дүкендерін ашу жөніндегі бастаманы қолдау туралы ұсыныс жасады.

«Бұл шаралар бүкіл ел бойынша қабылданып, ашықтық, кедергісіз, қоғамға жақындық, парасаттылық пен адалдық сезімдерін тәрбиелеуге бағытталған» — деп атап өтті  С. Тайтенова.

Берген Беспалинов: «Мемлекеттік қызметтің сапасы – жұмысымыздың баcымдылығы»

Алдыңғы ақпарат

ҚР мәдениет және спорт министрі түркістандағы тарихи орындарды аралады

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер