Мемлекеттік рәміздер – әрбір мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін ұлттық символдары болып табылады. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, ұлтты, мемлекетті құрметтеу. Бүгінгі күні Қазақстанның жаңа азаматтарын тәрбиелеу міндеті тұрған кезде жас буынның бойына патриоттық сезім орнықтыруда мемлекеттік рәміздердің алар орны ерекше. Еліміздің әрбір азаматы тәуелсіздігіміздің іргесі биік, шаңырағы биік болуында рәміздердің алар орнын, мәні мен маңызын түсіне білуі және соған орай еліміздің мемлекеттің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын құрметтеуді азаматтық парызы санауы тиіс.
Өткен аптада аудан әкімі Мәди Елеусізовтің төрағалығымен өткен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссия отырысында ауданда мемлекеттік рәміздерді қолданудың, орналастырудың талаптарының сақталуы, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді пайдалана отырып жастардың белсенді азаматтық бағытын, әлеуметтік жауапкершілігін, патриоттық сезімін, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру жайы талқыланды. Отырыста бұрын берілген тапсырмалардың орындалуы туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Әттиев, мемлекеттік рәміздер жөніндегі заңдылықтардың сақталуы жайлы Қызылжар ауылдық округінің әкімі А.Ізбасарова, Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының маманы Ж.Бөлекбаев, аудандық Ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы Е.Жүсіпов хабарлама жасады. Комиссия отырысында аталған ұжымдардағы орын алған кемшіліктерді тез арада жою, мемлекеттік рәміздер туралы заңдылықты қатаң сақтау жөнінде тиісті шешім алынды.
Е.СЕЙТЕНОВ








Пікірлер