АймақЭкономика

Алғада ауыл шаруашылығы көркеюде

ФОТО: ашық ақпарат көзі
ФОТО: ашық ақпарат көзі

Халқымыз ежелден мал шаруашылығымен айналысып, бар қажетін малмен өтеп келеді. Ең алғаш жылқы жануары да қазақ жерінде үйретілді. Малды мінсе көлік, кисе киім етті. Жаңа ғасырда да оның орнын ешкім алмастырған жоқ. Керісінше, төрт түлікке деген назар арта түсті. Мемлекетіміз мал санын көбейтіп, аграрлық секторды дамыту мақсатында қыруар қаржы бөліп, түрлі бағдарламаларды жүзеге асыруды қолға алды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылдың қаңтарындағы халыққа арнаған жолдауында: «Аграрлық секторда етті мал шаруашылығын дамытуға арналған теңдесіз жоба іске асырылады. Мемлекет бұл мақсатқа 130 млрд теңге несие қаражатын бөледі», – деп мәлімдеген еді. Осығай орай, «Сыбаға» бағдарламасы іске асты. Аталған бағдарлама мал басын көбейтіп, шағын және орта бизнестің дамуына сеп болмақ. Сондай-ақ, мал ұстап, ауыл шаруашылығын алға жылжытамын деген шаруа үшін де таптырмас мүмкіндік болып отыр. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Алға ауданында «10  мал тұқымдарын асылдандыру импорттық мал алу жүріп жатыр. Мамыр айының соңында Ресейден асыл тұқымды малдар әкелінбек. Сонымен қатар, «АкТеп» ЖШС Австралиядан 5000 аналық мал басын алуға осы айда аттанбақшы.  Жалпы 5500 импорттық мал әкелінбек. Сондай-ақ, Қазақстан ішінен де асыл тұқымды мал алуға өтініштер беріліп жатыр. Облыстық басқарма үстіміздегі жылы өңірге 1270 бас ірі және 4200 бас қой алып келуге тапсырма берді»,- дейді ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Қанат Нұриманұлы.

Малдарды асылдандыру мақсатында «АкТеп» ЖШС шаруа қожалықтарына 800 бас бұқа беріп отыр. Келісім бойынша, мал басы күзде қайтадан қайтарылып беріледі.

Бөлім басшысының сөзінше, соңғы жылдармен салыстырғанда, ауыл шаруашылығы алға қарқын алып келеді. Егін шаруашылығы 15%-ға артса, мал шарушылығы да жоғары көрсеткіштерге ие. Қазір өлкеде 117 мың га егістік алқабы болса, соның 90 мың гектары пайдаланылмақшы. Көктемгі науқанға дайындық та жаман емес. 1100 техника далалық жұмыстарды игеруге сақадай сай. Сондай-ақ, 169,51 теңгеге арзандатылған бағамен 636 тонна жанар-жағармайға тапсырыс берілді.

Өлкеде дәстүрлі емес шаруашылық пен суармалы емес жерлердің санын көбейту жоспарлануда. Сондай-ақ, сүтті бағыттағы ешкілерге деген қызығушылық та артуда. Бұдан бөлек, құс өндіру, қоян өсіру, бал арасын өсіру секілді шаруашылықтарға да ерекше назар аударылып отыр.

Әлеуметтік көмек басты назарда

Алдыңғы ақпарат

Жүлде жауған күн

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер